Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкент әкімі коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы болып салдырды

Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакциналау науқаны басталды.

Шымкент әкімі коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы болып салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Бұл үшін қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы вакцина қабылдаған алғашқыларының бірі болды. №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы.

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да алғашқылардың бірі болып вакцинаны салғызып, видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

«Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылып, бүгін таңғы сағат алтыда төрт емханаға жеткізілді. Екпе егу жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылған.

Ерікті түрде вакцина егу үшін медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылған. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау бойынша семинар-тренигтер өткізіліп, қажетті медицина қызметкерілерінің барлығы оқытудан өтті.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер егуге келген адамды міндетті түрде тексереді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық