USD
USD
USD

Шымкент әкімі №120 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Шымкент әкімі №120 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Мектеп жанынан салынған қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы аяқталып, бүгінде мұнда абаттандыру тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алып келген. 300 орындық қосымша оқу корпусы бұл мәселені толығымен шешіп отыр.

Қала әкімі оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мектептің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мектеп директоры сабақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылатынын және ұйым дезинфекциялық құралдармен қамтылғанын айтты.

Жаңа қосымша ғимаратта балалардың білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол