USD
USD
USD

Шымкент әкімдігі «7-20-25» бағдарламасын "Нұрлы жермен" шатастырып алған

Шымкент қаласы әкімдігі іске асырған тұрғын үйді конкурстық бөлуге қатысты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мәлімдеме жасады. «7-20-25» бағдарламасының операторы ипотекалық бағдарлама шарттарында тұрғын үй салу және оны үлестіру бойынша қандай да бір конкурстар өткізу қарастырылмағанын хабарлайды.

Шымкент әкімдігі «7-20-25» бағдарламасын "Нұрлы жермен" шатастырып алған
Фото: NEGE.kz

«Теріс ұғымдар мен түсініктер қалыптаспас үшін, Шымкент қаласында анықталған қателіктер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттарына еш қатысы жоқтығы мәлімдейміз. Қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен" - делінген, хабарламада.

7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттары:

• Қазақстан Республикасының азаматтығы;

• Атында баспананың болмауы;

• Басқа ипотекалық тұрғын үй несиелерінің болмауы;

• Еңбек не кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми расталған табыс.

Ипотекалық несие шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлеме – 7%, алғашқы жарна – үй құнының 20%-ынан бастап, мерзімі - 25 жылға дейін.

Шымкент қаласы әкімдігі басшыларының мәлімдемесінде, БАҚ хабарламаларында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы конкурстың орнына «7-20-25» ипотекасы деп қате көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама