USD
USD
USD

Шымкент жұрты Амал мерекесін қарсы алды

Бүгін Шымкент қаласының тұрғындары Наурыз алаңына жиналып, Амал мерекесін – Көрісу күнін атап өтті, деп хабарлады 24kz.

Шымкент
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық нақыштағы киім киген ақылгөй ақсақалдар мен қазыналы қариялар, өнерпаздар мен қала тұрғындары бір-бірімен құшақ жайып, көрісіп, амандық-саулық сұрасты. Олар бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіріп, жылы лебіздерін арнады.

 Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл ата дәстүр елді бірлікке, ынтымақ пен татулыққа бастайтын мереке екенін тағы бір мәрте айшықтады.

 Көрісу күні – араздасқандарды татуластырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Осы дәстүрді қайта жаңғырту арқылы қала тұрғындары жас буынға өнеге көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Осылайша, мегаполис тұрғындары көктемнің шуақты күнінде көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алды. Көрісу рәсімі тек басты алаңда ғана емес, халық көп жиналатын ойын-сауық орталықтарында, вокзал мен әуежайда да жалғасын тапты.


Қазір оқып жатыр

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша