USD
USD
USD

Шымкент: Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

Шымкентте қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Жұлдыз /жаңа құрылыс аумағы/ және Жалын тұрғын алаптарында табиғи газды қосуға қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент, NEGE. Айта кетейік, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер кезінде айтылған өтініштері бойынша басталған болатын. Бүгін Жұлдыз шағынауданында 834 абонент және Жалын шағынауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.

газ
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы 33 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Осының арқасында екі тұрғын алабы да орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.

Қала әкімі тұрғындардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, мердігерлерге жұмыстарды сапалы және уақтылы орындағаны үшін алғыс айтты.

газ
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кету керек, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны "eGov Mobile" қосымшасы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты egov.kz. арқылы жасауға болады

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу