8 Қазан 00:10
...

Шымкент: Көксай шағын ауданында 8 отбасыға жаңа пәтер берілді

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Халық арасында «Зеленая балка» аталып кеткен Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Шағынаудан тарихы 1915 жылдан бастау алады. Қалада теміржол құрылысы қолға алынған тұста мұнда тұрғындар қоныстана бастайды.

Алматы, NEGE. Елдімекенді «Нахаловка» деп те атайды, өйткені үйлердің едәуір бөлігін азаматтар өз бетінше, құжаттарсыз салған. Тұрғындар криминогендік және тұрғын үй жағдайларына байланысты мәселелерді бірнеше рет көтерген. Көп пәтерлі үйлердің дені ғасырдан астам уақыт бұрын салынған және апатты жағдайда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шағын ауданға арнайы барып, тұрғындардың ұсыныстарын ескерген қала әкімі маңызды шешім қабылдады. Тұжырымдаманың алғашқы кезеңі - көппәтерлі үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша тұрғындарды ескі үйлерден жаңаларына көшіру. Бүгінге дейін 9 көппәтерлі үйден 83 отбасы жаңа баспаналы болды.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы сегіз отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады. Қала басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, қуаныш иелеріне бақ-береке, жайлы ғұмыр тіледі. Әрленген пәтерлердің бөлмелері бұрынғы пәтерлердің бөлме санына сәйкес келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тұрғындар толық қоныс аударғаннан кейін аудандық әкімшілік ғимаратын, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, әлеуметтік нысандарды, көппәтерлі үйлер мен саябақтарды салу, қолданыстағы мектепті кеңейту, сондай-ақ Көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру жоспарлануда.

Шағынауданды жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба қала инфрақұрылымын жаңартуда ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруда да маңызды.