USD
USD
USD

Шымкент әкімдігі Берденовтің оқиғасына қатысты пікір білдірді

Шымкент өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты пікір білдірді. 

Руслан Берденов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сәрсен Құранбектің айтуынша, оқиға кезінде қала әкімі мен орынбасарлары және аппарат басшысы жұмыста болған.

«Дәл оқиға болған кезде бәріміз жұмыста болғанбыз. Абырой болғанда полиция да, жедел жәрдем де дер кезінде келді. Берденов ауруханаға жеткізіліп, ұзақ уақыт ота жасалды. Біз сол түні сағат 02:30-ға дейін ауруханада болдық», – деді С.Құранбек. 

Сондай-ақ, қылмысты жасаған күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарап жатқанын жеткізді.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура тарапынан бақылауда. Бұл адамның қылмысқа не себепті барғандығын айта алмаймыз. Айтуға құқығымызда, өкілеттілігімізде жоқ. Тергеу амалдарының дұрыс жүргізілуі үшін ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Қылмыскердің бұл қылмысқа не үшін барғаны жайында неше түрлі әңгіме айтылып жатыр. Біздің білуімізше оның ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Тергеу нақты мәліметті береді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов Ресейге қатысты CAS шешімін FIDE үшін «қызыл сызық» деп атады

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев