USD
USD
USD

Шымкент: Әділет саласындағы жетістіктер мен жаңа бастамалар

Құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға сапалы заңгерлік көмек көрсету – әділет саласының басты міндеттерінің бірі. Құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін қалада заманауи цифрлық жаңашылдықтар енгізілуде.

Шымкент
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШЫМКЕНТ, NEGE. Қалада 328 нотариус, 504 адвокат және 1331 заң кеңесшісі тіркелген. Азаматтар енді «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы арқылы онлайн заңгерлік кеңес ала алады. Сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген чат-боттар тәулік бойы жұмыс істеп, жыл басынан бері 5 мыңнан астам тұрғынның сауалына жауап берген.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында шымкенттік нотариустар 390 мыңнан астам қызмет көрсеткен, оның 15 мыңнан астамы «Е-нотари» платформасы арқылы онлайн орындалды. Апостиль рәсімдеу қызметі де egov.kz порталына көшірілген.

Зияткерлік меншік саласында 14 әкімшілік іс қозғалып, 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан алынған 30 мыңнан астам контрафактілік өнімнің құны 17,7 млн теңгеге жеткен.

Жаңа заңнамаға сәйкес «географиялық нұсқама» ұғымы енгізіліп, жергілікті кәсіпкерлер «Сайрам Нан», «Тассай ет», «Шымкент Саз» және «Шымкент макарон» брендтерін тіркеді.

Шымкент
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сот орындаушылары да жұмысты автоматтандыруда. Алты айда мемлекет пайдасына 12 809 іс автоматты түрде орындалып, 268 млн теңге өндірілді. Қазіргі таңда алимент өндіруге қатысты 13 727 іс қаралуда. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 29 адамға сот үкімі шығып, 121 борышкер әкімшілік қамаққа алынған.

Әділет органдарының мәліметінше, бұл жаңашылдықтар тұрғындарға сапалы, ашық және тиімді құқықтық қызмет көрсетуді көздейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Сарбаз