USD
USD
USD

Шымқалада қоғамдық көлік тоқтатылады

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев осындай мәлімдеме жасады.

Шымқалада қоғамдық көлік тоқтатылады
Фото: NEGE.kz

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес,  2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады», - деді Наурыз Сүгірәлиев.

Айта кетсек, Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07.00-ге дейін бірқатар шектеулер енгізіліп отыр.

Қаулыға сәйкес, қалада қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтатады. Дегенмен, қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастырады. Оларда 2 адамнан артық жолаушы алуға болмайды. Тіркелмеген такси қызметіне рұқсат етілмейді.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев