USD
USD
USD

«Шымқала – таза қала» атты қалалық сенбілік өтті

Мегаполисте 2 қазан күні «Шымқала – таза қала» атты жалпы қалалық сенбілік өтті.

«Шымқала – таза қала» атты қалалық сенбілік өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тазалық шарасына қала тұрғындары, мектеп, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері мен мешіттер, коммерциялық нысандардың ұжымдары белсенді қатысты.

Қала тұрғындары көп қабатты тұрғын үй аулаларында және жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал, әлеуметтік мекемелер мен мешіттер және коммерциялық ұйымдардың ұжымдары өз нысандырының аулалары мен іргелес аумақтарын тазалады.

Жалпы қалалық сенбілікке 36 мыңнан аса адам қатысты. Олармен жол жиектері, ирригация және арық жүйелері тазаланып, 1 375,9 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Жұмысқа барлығы 114 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком