USD
USD
USD

Шымбұлақта шаңғы альпинизмінен турнир өтеді

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында шаңғы альпинизмінен Қазақстан чемпионаты өтеді.

Шаңғы альпинизмі
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл спорт түрі ресми танылғаннан кейін алғаш рет турнир ұйымдастырылып отыр.

Жарыстар екі дисциплинада өтеді. 30 қарашада спортшылар “Вертикалды жарыс” форматында жарысады, ал 1 желтоқсанда спринтте бақ сынайды.

“Вертикалды жарыстың” бағыты “Комби 1” жоғары стансасынан басталып, Талғар асуында аяқталады. Сонымен қатар жылдам түсу кезеңі болмайды. Спринттің жолы сол Талғар беткейінде орналасқан.

Жарысқа Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақмола облысы, Қарағанды, Алматы және Алматы облысынан спортшылар қатысады.

Шаңғы альпинизмі – тау шаңғысында жоғары жылдамдықпен көтерілу мен түсу элементтерін біріктіретін спорт түрі. Қазақстанда бұл жарыстар 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2021 жылдан бастап шаңғы альпинизмі Олимпиада спорт түрлерінің қатарына енгізілді.

2024 жылы шаңғы альпинизмі (skimountaineering немесе skimo) Қазақстанның спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, 2025 жылдың ақпанында Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарына қатысады.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы