USD
USD
USD

Шымбұлақта арқан жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Шымбұлақ тау-шаңғы курортында ерекше құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды, – деп хабарлады aikyn.kz.

ТЖД
Фото: Алматы ТЖД

 

Алматы, NEGE. Құтқарушылар арқан жолда қалып қойған демалушыларды эвакуациялап, қауіпсіз жерге жеткізді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу-жаттығу сәтті өтті.

«Сценарий бойынша, арқан жолмен жоғары көтерілу кезінде электр энергиясының өшуінен жүйе апатты түрде тоқтаған. Кабина ішінде төрт адам қалып қойды. Олар ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз қалып, суық температура салдарынан үсік шалған. Кабина биіктігі төрт қабатты ғимаратпен тең деңгейде болғандықтан, адамдар өз бетімен шыға алмаған», – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің үш бөлімшесіне бір мезетте бірнеше кабинаны эвакуациялау және зардап шеккендерді 1 сағаттан аспайтын уақытта қауіпсіз жерге жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсету міндеті жүктелді.

«Бұл тапсырманы орындау оңай болмады. Құтқарушылар биіктікте жұмыс істеп, арнайы альпинистік жабдықтарды пайдаланды. Зардап шеккендер жерге қауіпсіз түсіріліп, олар қажетті көмекті алды», – деп атап өтті ТЖД өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы