USD
USD
USD

Шымбұлаққа биыл Оңтүстік Кореядан 15 мыңға жуық турист келеді

Алматыда орналасқан Шымбұлақ тау курорты мен Оңтүстік Кореяның MONA Yong Pyong курорты стратегиялық серіктестік туралы келісімге келді.

Шымбұлақ тау курорты
Фото: Шымбұлақ тау курорты

Алматы, NEGE. Kazakh Tourism қолдауымен жасалған келісім екі ел арасындағы туристердің көбеюіне себепші болмақ.

- Пхёнчхан қаласында қол қойылған келісімшарт аясында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жыл сайын туристер мен нұсқаушылар алмасу туралы келісті. 2024-2025 жылғы маусымда Шымбұлаққа Оңтүстік Кореядан 15 мыңға жуық турист келеді деп күтіледі. Сондай-ақ Оңтүстік Корея спортшылары Шымбұлақтағы тау шаңғысынан Азия Кубогы, фристайлдан Әлем Кубогының кезеңдері және басқа да маңызды спорттық шараларға белсенді қатысады. Осы серіктестік аясында Шымбұлақ курортында оңтүстік кореялық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары өтеді, - деп хабарлады Шымбұлақ тау курорты баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы