USD
USD
USD

Шымбұлақ шипажайы селге байланысты уақытша жабылды

Шымбұлақ өкілдері бүгін санитарлық күнге жабылатынын хабарлады.

Шымбұлақ шипажайы селге байланысты уақытша жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шипажайдың Instagram парақшасында мамандар су қабылдайтын бекетті лай мен тастан тазартып жатыр деп хабарлайды.

"21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Малая Алматинка өзенінде табиғи апат болды - сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірін қиратып, су қабылдағыштың істен шығуына әкелді. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Температураның көтерілуі мен мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан су ішуге жарамсыз болып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен бірге, Алматының тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Қазіргі уақытта көлдердің тасып, бекеттердің жарылып кету қаупі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты