USD
USD
USD

Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?

Карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу уақытша режимде ашылады.

Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілген туризм нысандары - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек, - делінген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жанарбек Бекшиннің қаулысында.

Сондай-ақ "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты мен "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады, делінген қаулы талаптарында.

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы