USD
USD
USD

Шымбұлақ маңында жасырын турбаза салынып жатыр

Алматы тауында Герельник пен Шымбұлақ арасында жасырын турбаза салынып жатыр, деп мәлімдеді қоғамдық белсенді Салтанат Ташимова.

 Шымбұлақ маңында жасырын турбаза салынып жатыр
Фото: NEGE.kz


Aлматы. NEGE. «Медеудің жоғары жағынан тағы бір аттракцион жетпей тұр еді! Ал ол болса, салынып жатыр! Жасырын. Міне туристік базаны да сала бастады, ол да жасырын (Герельник пен Шымбұлақ арасында). «Сіздер сол ковидтеріңізбен алыса беріңіздер, ал біз осы сәтті пайдаланып, салатынымызды салып алайық!!!» - деп жазды Ташимова бейсенбі күні Facebook парақшасында.
Сонымен қатар экобелсенді сол жерден видео түсірген, ол видеода қалалықтарды таудағы құрылысқа қарсы шығуға шақырған.
«Қайдағы бір аттракционды салып жатыр. Не үшін? Бізге бұл жерде ешқандай аттракцион керек емес. Тек табиғатты құртып жатыр. Сонша жерді қазып тастады, жердің құнарлы қабатын бүлдірді. Бұған қарсылық танытайық», - деді Ташимова.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон