USD
USD
USD

Шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Айдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кей өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның батыс облыстарында айдың басында, республиканың қалған бөлігінде шілденің бірінші онкүндігінде жауын-шашын болады” – деді Қазгидрометте.

Жаңбырлы және бұлтты ауа райымен қоса күн күркіреп, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-25 м/с-ге дейін күшейеді.

“Осы кезеңде еліміздің солтүстік жартысына солтүстік теңіз аймақтарынан суық ауа массаларының енеді. Түнде температура  +5...+13°С болса, күндіз ауа температурасы +18...+28°С-тан +12..+17°С-қа дейін төмендеуі күтілуде, республиканың оңтүстік жартысында түнде аптап ыстық +20...+25°С-тан  +12...+20°С, ал күндіз +30...+38°С-тан +23...+30°С дейін төмендейді”, – деді Қазгидрометте. 

Шілденің бірінші онкүндігінің соңы мен екінші онкүндігінің басында күн қайтадан ысиды.

Ауа температурасы күндіз көтеріліп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында – +30...+40°С дейін; солтүстікте, орталықта және шығыста - + 25 + 33°С дейін жетеді.

Айдың ортасында Ресейдің еуропалық аумағының аймақтарынан келетін суық ауа массаларының тағы бір бөлігі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында республиканың оңтүстік бөлігінде ауа температурасы құбылмалы болады.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы