USD
USD
USD

Шілдеге арналған ауа райы қандай?

Синоптиктер шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Шілдеге арналған ауа райы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шілдеде ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағы бойынша ауа райының антициклонды түрі басым болады деп болжанады, ыстық және жауын-шашын аз болады деп күтіледі, тек жекелеген күндері циклонның өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-25 м/с күшейеді.

"Республиканың батысында шілденің бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін, түнгі уақытта термометр бағаналары +19+28 градустан +12+23 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан, оңтүстік-батыста +41 градустан +24+32 граудсқа дейін төмендейді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы келесі шектерде сақталады: түнде +15+25 градус, күндіз +33+38 градус, кей жерлерде +41 градус; еліміздің оңтүстік жартысында түнде +20+30 градус, күндіз +37+45 градус, таулы аудандарда +30 градус, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ыстық ауа райы елдің шығысында да күтіледі, ауа температурасы түнде +12+20 градустан +20+28 градусқа дейін, күндіз +27+35 градустан +33+41 градусқа дейін жоғарылайды, онкүндік соңында ауа температурасы 7-10 градусқа төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бірінші онкүндікте қысқамерзімді найзағай мен жаңбыр, желдің күшеюі (дауыл, құмды дауыл) еліміздің батысында және солтүстік-батысында, 5-7 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөліктерінде болуы мүмкін.

"Шілденің екінші онкүндігі басында алдымен батысы пен солтүстік-батыста ауа температурасының жоғарылауы болжанған, кейін онкүндіктің ортасынан бастап бүкіл аумақта температуралық фонның жоғарылауы болжанады. Батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30 градусқа дейін, күндіз +33+43 градусқа дейін; солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23 градусқа дейін, күндіз +28+39 градусқа дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27 градусқа дейін, күндіз +35+43 градусқа дейін; Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде +10+17 градустан +17+25 градусқа дейін, күндіз +22+33 градустан +30+38 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13 градустан +13+20 градусқа дейін, күндіз +18+26 градустан +26+33 градусқа дейін ауытқуы күтіледі", - дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров