USD
USD
USD

Шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанның электр энергиясын өндіруші ұйымдары шекті тарифтерге өзгеріс енгізу жөнінде тапсырыс берді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттайды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Еліміздің электр энергетикасы саласы қолда бар жабдықтарын жаңалауға мұқтаж. Өткен жылы енгізілген электр қуаты нарығының арқасында стансалардың активі жаңара бастады. Алайда бұл жеткіліксіз. Электр қуаты нарығы бойынша болжамдарға қарағанда, модернизациялау мен жаңалау жүргізуге стансалардағы тозығы жеткен жабдықтар мүмкіндік бермейді.

Стансалар жылдан-жылға тозып барады. Соның салдарынан электр энергиясын жеткізу сапасы төмендеуі мүмкін.

Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифі деңгейі шығындарды толық жабуға жетпейді екен. Сол себепті де стансалар нарықтан түскен пайданың бір бөлігін шығындарға жұмсауға мәжбүр.

Қазірдің өзінде жабдықтар 60 пайызға тозған. Әр-әр жерде апат болып, жарық сөніп жатыр. Бұл көрші елдерге энергетикалық тұрғыда  тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін.

Өткен жылдың өзінде электр қуатын реттеу үшін көрші елдерден 8 млрд теңгеге электр қуатын сатып алдық. Өз кезегінде бұл халықтың қалтасына салмақ түсіреді.

Сол себепті де электр қуатын өндіруші ұйымдар шекті тарифті өзгертуді сұрап отыр. Айталық, тариф өзгерген күнде де айына 170-220 кВт сағатына тұтынатын пәтер иелері үшін төртінші тоқсаннан бастап есептеледі және өсім айына 200 теңгеден аспайды.

Министрліктің болжамынша, осындай жолмен биыл стансаларды қайта жабдықтауға 70 млрд теңге инвестиция жасауға болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.