USD
USD
USD

Шілдеде шекарасын ашатын Еуропа қазақтарды өткізбейтін болды

Еуропалық Одақ азаматтарға 1 шілдеден бастап өз аумағына кіруге рұқсат берілген 14 елдің тізімін атады.

Шілдеде шекарасын ашатын Еуропа қазақтарды өткізбейтін болды
Фото: NEGE.kz

Бұл тізімге Ресей, АҚШ, Қытай Бразилия, Қазақстан кірмеген. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Aлматы. NEGE. Еуропа билігінің шешіміне сәйкес, коронавирустың таралуы тұрғысынан «қауіпсіз» деп танылған елдер: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Бұл тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін, ол екі апта сайын қайта қаралып отырады. Дипломатиялық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қытай билігі еуропалықтарға осындай құқық берсе, Қытай да қауіпсіз елдер тізіміне қосылуы мүмкін. BBC еуропалық редакторы Катя Адлер хабарлағандай, сейсенбі күні түстен кейін ЕО қауіпсіз деп танылған елдерді ресми критерийлері бойынша нақты мақұлдамақ. Алайда, ЕО мүшелерінің көпшілігі жоғарыда аталған елдердің тізімімен келіскен.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға