USD
USD
USD

Шикізаттық емес экспорт көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарлануда

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммникациялар қызметі. 

Шикізаттық емес экспорт көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарлануда
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. «Алдағы жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарлануда. Осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жергілікті қамту үлесін арттыру, әсіресе жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша жол картасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы жүзеге асырылатын болады»,- деді басқарма басшысы Азамат Сәлімбаев.  

Шикізаттық емес экспорт көлемінің 80 пайызға жуығын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС құрайтынын айта кетуіміз керек. Аталған компания экспортқа бензин, авиакеросин, мазут секілді шикізаттық емес өнімдер жөнелтіліп отырады. 

Сондай-ақ, қалған 13,8 пайызын полипропилен, полиэтилен өндірістері бойынша химия өнеркәсібі, 1,4 пайызын қызметтер көрсету бағытында мұнайгаз машина жасау, 0,7 пайызын құрылыс материалдары және 0,4 пайызын тамақ өнеркәсібі құрап отыр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян