USD
USD
USD

Шығыстағы колледж студенттеріне жатақхана салынды

Шығыс Қазақстан облысында колледждердің 716 студенті биыл жаңа жатақханаларға орналасады.

Шығыстағы колледж студенттеріне жатақхана салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жылы өңірдегі колледж студенттеріне 2 жатақхана қолданысқа берілмек. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстанда 3900 орындық 10 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланып отыр.

«2018-2019 жылдары 1052 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді. 2020-2022 жылдары 2848 орындық 7 жатақхана салынады. Биыл студенттер 716 орындық екі колледждің жаңа жатақханасына орналасады. Оның ішінде Өскеменде 428 орындық, Семейде 288 орындық жатақхана пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша 2021 жылы Өскемен мен Аягөздегі 2 колледждің жанынан 348 орындық жатақхана бой көтереді. 2022 жылы 1784 орындық 3 жатақхана (Өскемендегі 1 колледжде 244 орындық, Семейдегі 2 ЖОО-ы жанынан 1540 орындық) ашылады», – делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай