USD
USD
USD

Шығыста жол жөнделді

Шығыс Қазақстан облысында биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделген.

Шығыста жол жөнделді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

2020 жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. Нақты айтқанда, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.

Шығыс Қазақстандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымды құрайды, оның 3,4 мыңы республикалық маңыздағы жолдар, 3,2 мыңы облыстық, 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт