USD
USD
USD

Шығыста қар көшкіні болды

6 наурыз күні сағат 18:40-та Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымында күннің жылыну мен жаңбыр салдарынан өздігінен қар көшкіні жүрді. 1250 текше метрді құраған көшкін жолды жауып тастады, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасы. 

Шығыста қар көшкіні болды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмысын жедел ұйымдастырды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Казселезащита» ММ және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар көшкіні қаупін алдын ала ескерткен болатын. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мұндай кездері тауға шықпауды, қар көшкіні жүруі мүмкін аумақтағы жолдармен жүрмеуді еске салады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық