USD
USD
USD

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанның құрылысына техникалық қадағалауды талапқа сай жүргізбеген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына іздеу жарияланғанын хабарлады.

Восток инженеринг
Фото: ҚМА

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, компания 2020-2023 жылдар аралығында ШҚО және Абай облысы аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылыс-монтаж жұмысының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылауға міндетті болған.

«Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған. Тінту барысында мөртабандары мен жалған актілер анықталды», – делінген ҚМА хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асқан.

Компания басшысына іздеу жарияланды. Сот оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком