USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанның екі ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдай комитетінің (ТЖК) төрағасы Владимир Беккер хабарлады, деп жазады ҚазТАГ.

Шығыс Қазақстанның екі ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қардың көптігіне байланысты ШҚО-ның екі ауданында ТЖ режимі  жарияланды. Біз Ақмола облысы бойынша да жарияланады деп ойлаймыз, себебі, «Қазгидромет» мәліметі бойынша, 1 ақпанда қар түріндегі жауын-шашын көлемі Ақмола облысында 50% жоғары болып отыр. Солтүстік облыстарда да жағдай қауіпті: Қостанайда, Солтүстік Қазақстанда, Павлодарда, Шығыс Қазақстанда, Қарағандыда», - деді Беккер сейсенбідегі үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, ТЖ режимі тиісті өңірлердегі жағдай тұрақтанбайынша алынбайтын болады.

«ТЖ жариялануы жергілікті орандарға ақшалай, адами және техникалық қорын дайындауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Беккер.

Еске салсақ, 27 қаңтарда ТЖ режимі Нұр-Сұлтанда енгізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин