USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанға газ Ресейден тартыла ма?

Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған.

Шығыс Қазақстанға газ Ресейден тартыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандырудың ықтимал нұсқасы «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан газ құбырын салу болып саналады. Бұл ретте Семей маңында Павлодар облысына қарай бұру болжанады», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған бағыт бойынша газ құбырын салу осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді.

Тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд текше метр деңгейінде деп болжанған.

«Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапымен пысықталуда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы