USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда жол қызметінің 34 басшысы жауапқа тартылды

  Шығыс Қазақстан облысында 34 жол қызметінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстанда жол қызметінің 34 басшысы жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары тұрақты түрде көшелер мен жолдардың көлік қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайда болуын, қардан уақтылы тазалануын бақылап отырады.

«Қараша-желтоқсан айларында полицейлер жол қадағалау мамандарымен бірлесіп 200-ден астам тексеру жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қыс кезінде жолды күтіп ұстау ережелерін орындамаған жол қызметтерінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Өскемен қаласында жолдарды абаттандырумен айналысатын 5 мердігерлік ұйым қар жауғаннан кейін өз міндеттерін дұрыс орындамаған», – делінген ақпаратта. Аталған ұйым басшыларына кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқама жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе