USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

 Жол апаты 8 мамыр күні сағат 11.20 шамасында Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы-Майқапшағай республикалық тасжолының 475/846-шақырымында болған.

Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. «Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич