USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 5 бала суға батып кеткен. 

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су айдындарының жағалауларында балалардың ата-аналардың қарауынсыз қалуы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы әбден мүмкін. Өңірде жыл басынан бері 5 бала суға кеткен. Облыс құтқарушылары апта сайын жағажайларды қарауылдап, шомылуға тыйым салынған орындарға ерекше назар аударуда. Өскемен қаласының құтқарушылары қауіпті учаскелерді тексеріп жүріп су қоймаларының жағалауларында ересектердің қарауынсыз қалған 15 баланы тапты.

Белгілі болғандай, олардың ата-аналары балаларының қайда жүргенін де білмеген. Департамент мамандары балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, осы учаскелерде шомылмауға, тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдауға кеңес берді. «Балалардың көпшілігі жүзе алмайды. Көп жағдайда олар терең, ағысты қатты су айдындарына келіп шомылып жатады. Мұндай орындарда құтқарушылар бекеті жоқ. Егер біреу суға батса оған ешкім көмектесе алмайды», - деді Өскемен қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.