USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда таудан 5 мәрте қар көшкіні түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында бес рет қар көшкіні түсірілді. 

Шығыс Қазақстанда таудан 5 мәрте қар көшкіні түсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде күн райы күрт жылытып, жел жылдамдығы күшейді.

Соған байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі барынша артқан.

«Бүгін құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» мекемесі ШҚ филиалының мамандары бірлесіп, «Өскемен-Алтай» тасжолында профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсіру жұмыстарын жүргізді. Жол бойындағы тау бөктерінде бірнеше жарылыс жасалып, барлығы 5 көшкін түсірілді», - делінген ақпаратта.

Нәтижесінде, түсірілген қардың жалпы көлемі – 23 700 текше метрді құрады. Қар жолды толықтай жауып қалды. Бірден жолды тазалау жұмыстары қолға алынған.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына әзірге таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID