USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда шыққан өртті сөндіру үшін пойыз жөнелтілді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында таулы жерде шыққан өртті сөндіру үшін пойыз тартылды.

Шығыс Қазақстанда шыққан өртті сөндіру үшін пойыз жөнелтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 5 тамызда Ұлан ауданы Смолянка ауылының шетіндегі таулы жерден өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпыды.

- Қатты жел оттың жылдам таралу қаупін тудырды. Тілсіз жауды сөндіруге жедел түрде орманшылар, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД жеке құрамынан 71 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

«Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен жетуі қиын жерге өрт сөндіру десанты жеткізілді.

Сонымен қатар құрамында 10 адамы бар «КТЖ ҰК» өрт сөндіру пойызын жіберу туралы шешім қабылданды, - делінген ақпаратта.

Өртті ауыздықтауға таулы, жартасты жер қиындық келтірді. Бірлескен іс-қимылдың арқасында өрттің жақын маңдағы елдімекенге таралу қаупі сейілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты