USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда сабақтар тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты сабақтар болмайды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Шығыс Қазақстанда сабақтар тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТЖД хабарлауынша, білім басқарамасының мәліметіне сәйкес, 30 қаңтарда – 30 градус аязға байланысты Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар, Шемонаиха, Ұлан, Бородулихин, Күршім, Қатон-Қарағай аудандары мен Курчатов және Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды.

Сол аралықта Көкпекті, Бесқарағай аудандарында 1-ден 11-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды, ал Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Айта кетсек, ең суық Көкпекті және Алтай аудандары. Ол жақта термометр бағаны -31-ге төмендеді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.