USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда қайықпен адасып кеткен 2 адамға құтқарушылар көмекке келді

Шығыс Қазақстан облысында қайықпен адасып кеткен 2 адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстанда қайықпен адасып кеткен 2 адамға құтқарушылар көмекке келді
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 шілде күні Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында болған.

«Құтқарушыларға демалыс базаларының бірінде су қоймасына қайықпен жүзуге кеткен екі адамның байланысқа шықпай, жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу оларды іздеуге кірісті. Белгілі болғандай, демалушылар қарама-қарсы жағалауға қарай бағып алып, адасып кеткен. Құтқарушылар екеуін демалыс орнына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, облыстық ТЖД қызметкерлері демалушыларға еске салады:

- жүзу құралдарымен жүрген кезде құтқару кеудешелерінің болуы міндетті.

- суға шықпас бұрын жүзу құралының жарамдылығын тексеріңіз;

- қайықты шамадан тыс жүктемеңіз;

- қозғалыс кезінде жүруге немесе қайықтың шетіне отыруға болмайды;

- балаларды жүзу құралдарында жалғыз қалдырмаңыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон