USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады.

Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 19 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Сол уақыттан бері 807 қылмыс тіркеліп, оның 537-і ашылды. Іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ бұрын жасалған 185 іс ашылған. Заңсыз сақталған 31 қару тәркіленді.

«Мәселен, Өскемен тұрғынының гаражын тінту кезінде 2007 жылы шығарылған «Ноган» револьвері табылды. Қысқа ұңғылы жеті рет оқталатын қару атуға жарамды. 69 жастағы зейнеткерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген ақпаратта. Сонымен қатар полицейлер 11 048 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Мас күйде көлік жүргізген 153 адам жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті