USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда індет неге өршіп кетті?

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус індетінің өршуіне өңірдегі көші-қонның жоғары болуы ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Шығыс Қазақстанда індет неге өршіп кетті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі проблеманың бірқатар объективті себебі бар. Соның бірі - халықтың көші-қон қабілетінің жоғары болуы. Көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында өте қолайсыз жағдай қалыптасып, науқастану деңгейі жоғары болып тұр. Соның салдарынан халықтың көшіп-қонуы кезінде сырттан келетін жағдай жиі болуда», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігі өңірдегі мәселелерді зерделеу үшін комиссия жібергенін, бірқатар проблема анықталғанын айтты. Әсіресе жекеменшік зертханалар жұмысында кемшілік бар екендігін атап өтті.

«Хабарлау 3-5 тәулікке дейін кешігіп жетізілген. Соның салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іс-шараларды кешеуілдетіп жүргізген. Карантин шараларын асыра пайдалану фактілері де анықталып жатыр. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың 50 пайызына дейін маскасыз жүріп, арақашықтықты сақтамаған», – деді Ерлан Қиясов.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт