Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті

  Шығыс Қазақстан облысында әйелін құтқару үшін суға кірген ер адам онымен бірге батып кетті, деп хабарлайды өңірдің ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Трагедия 27 шілдеде Самар ауылы маңында Бұқтырма су қоймасының жағалауында болды. Ер адам жағадан алыс кетіп, суға бата бастаған әйеліне көмекке жүгірген. Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылғы әйел жағадан алыс кетіп, бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке жүгіреді. Алайда ер адам әйелімен бірге суға батып кетті.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

шомылу үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз;

арнайы жабдықталмаған беймәлім жерлерде ешқашан суға түспеңіз;

жағадан алыс кетпеңіз;

үрлемелі қайыққа отырғанда абай болыңыз, жел немесе өзен ағысы оны жағадан алысқа әкетіп, толқынның астында қалуы мүмкін.

қатты жел болған күні қайыққа мінбеңіз.

Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі