USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жабылған екі жол ашылды

 Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жабылған екі жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жабылған екі жол ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде осыған дейін жабық болған екі жол қайта ашылды.

«Облыстық маңызы бар «Алтай Альпісі–Северное ауылы» тасжолының 38-60 шақырымы және республикалық маңыздағы «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымы (Глубокое ауылы мен Шемонаиха қаласының аралығы) көлік құралдарының барлық түрі үшін ашылды» делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Шығыс Қазақстанда 3 жол әлі жабық тұр. Атап айтқанда, Өскемен қаласы мен Новотроицкое ауылының аралығы, Шемонаиха қаласы мен Үлкен өзен ауылының аралығы, Тайынты ауылынан Самар ауылына кіреберіс жол.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.