USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда бір күнде 26 дала өрті тіркелді

 Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 26 дала өрті тіркелді.

Шығыс Қазақстанда бір күнде 26 дала өрті тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір тәулік ішінде өңір бойынша 26 дала өрті тіркелген. Көп жағдайда өрт ашық алаңда, саяжайлар маңында болды. Өрттің шығу себебі – азаматтардың отты абайсыз қолдануы.

«Құтқарушылар Алтай ауданындағы жалпы ауданы 28 гектар, Көкпекті ауданындағы 25 гектар, Үржар ауданындағы 20 гектар және Тарбағатай ауданындағы 20 гектар аумақтағы шөп пен қамысты шарпыған өртті ауыздықтады. Ғарыштан жасалатын мониторингтің көмегімен департамент қызметкерлері биыл 222 термонүктені анықтады. Осының нәтижесінде, сол жерлерде өрттің ары қарай таралуына жол берілмей, дереу сөндірілді», – делінген ақпаратта.

Облыста тілсіз жаудың алдын алу үшін құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полицейлер кіретін мобильді топтар құрылған. Жыл басынан бері олар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, шөп өртегені үшін 11 адамды жауапқа тартты. Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері – 336 930 теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 47 көлік өртенген. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы