USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда бір айда 851 қылмыс ашылды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері соңғы бір айда 851 қылмысты ашты, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті.

Шығыс Қазақстанда бір айда 851 қылмыс ашылды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Өңір аумағында 15 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Сол уақыттан бері тәртіп сақшылары 851 қылмысты ашты. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 адамды тапқан. Барлығы 11 000 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Оның ішінде мас күйде көлік айдағандар да тіркелді. Мәселен, полиция қызметкерлері 34 жастағы Көкпекті ауданының тұрғыны тізгіндеп келе жатқан автокөлікті тоқтатқан. Ер адам бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сот шешімімен азаматқа 214 410 теңге айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама