Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 62 орман және 108 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша 62 орман өрті тіркелген. Оның көбі найзағай салдарынан болды.

«Нақты айтқанда, найзағай разрядынан – 48, отты абайсыз пайдаланудан – 13 және қасақана от қоюдан – 1 өрт шықты. Сондай-ақ 2165 гектар алқапта 108 дала өрті тіркеліп отыр», - деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Сембаев.

Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында арнайы құрылған 69 мобильді топ 419 рет рейдке шыққан. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 242 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА