USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда 63 бала қызылша жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысында биыл 63 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды Kazinform. 

Шығыс Қазақстанда 63 бала қызылша жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері қызылша жұқтырған 74 адам тіркелді. Ауырғандардың басым бөлігі, нақты айтқанда 85,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар (63 жағдай).

«Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 17 пациент жоспарлы вакцинация жасына жетпесе, 16 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болды. Ал 23 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартса, 4 адам екпе алу мүмкіндігін өткізіп алған», - дейді басқарма басшысы Қанат Тұрдиев.

Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17,6% немесе 13 адамның қызылшаны Алматы, Атырау қалаларында, Түркия және Тәжікстан елдерінде жұқтырғаны анықталды.

Науқастармен байланыста болған 68 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала бар.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова