Шығыс Қазақстан тұрғындары абай болсын!
«Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының мәліметінше, 28 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күшті жел соғады.
Алматы, NEGE. Департамент мәліметтеріне қарағанда, өңірде күндіз бұршақ жауады. Кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Өскемен және Семей қалаларында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Төтенше жағдайлар саласының өкілдері осы кезде тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шықпай, терезелерді жауып жүруге, сондай-ақ балкондар мен жекеменшік үйлердің аулаларынан жел ұшырып әкетуі мүмкін заттарды алып тастауға кеңес береді.
Егер найзағай кезінде далада қалып қойсаңыз, жарнама қалқандары, автобус аялдамалары сияқты жерлерден аулақ жүріп, ағаштардың артында, сонымен қатар электр беретін құралдардың қасында тұрмағаныңыз абзал.
Ал көлік иелеріне өз көліктерін ағаштар, билборд конструкциялары, электр сымдарының астында қоймау кеңес етіледі.