USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында шөп өртеніп жатыр

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы таулы жерде шөп өртенді.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында шөп өртеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің аумағында шыққан дала өртінің жалпы ауданы шамамен 6 гектарға жетеді. Таулы жер мен қатты желдің салдарынан қызыл жалын бірден жан-жаққа тарап кетті. Техника жетуі қиын жер болғандықтан өрт сөндірушілерге жаяу жұмыс істеуге тура келуде, - делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ТЖД өрт сөндіру қызметінен 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» ақпараты бойынша өрт орнындағы жел екпіні секундына 3 метрге жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон