Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысында өрттен бес адам қаза тапты

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан бес адам қаза тапты.

Шығыс Қазақстан облысында өрттен бес адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өскеменде «Металлург-2» саяжай қоғамындағы тұрғын үйде өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Оқиға салдарынан 1960 жылғы ер адам қаза тапты. Серебрянск қаласында өрт сөндірушілер тұрғын үйде 130 шаршы метрге тараған жалынмен күресті.

Оқиға салдарынан 1985 жылғы ер адам көз жұмған. Риддерде өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенше, жалын үйдің қабырғалары мен шатырына, шаруашылық құрылыстың ағаш конструкцияларын шарпыған. Өрттің таралу аумағы – 145 шаршы метр. Үйдің ішінен 1934 жылғы әйел мен 1959 және 1994 жылғы екі ер адамның денесі табылған. Тұрмыстық өртке көбіне үй иелерінің өздері кінәлі болып жатады.

Олар темекі шегеді, электржылытқыш құралдарын және басқа заттарды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин