USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі ескертілді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі ескертілді. 

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі ескертілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы ықтимал. Облыстық ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қолайсыз метеожағдайларға байланысты қар түрінде мол жауын-шашынның жаууы және облыстың таулы аудандарында желдің күшеюіне байланысты қар көшкіндерінің өздігінен түсуі мүмкін. Көшкін қаупі 26-28 қараша аралығында сақталады.

Облыс аумағында 497 қар көшкіні жиыны тіркелген, оның ішінде 325 ошақ 71 объектіге қауіп төндіреді: 44 тұрғын үйге, 93 км автомобиль жолдарына (15 км – республикалық маңызы бар, 78 км – облыстық маңызы бар). Ең қауіпті бағыттар – Өскемен-Самар 95-102,132-137 км, Өскемен-Таулы Үлбі 30-37 км, Өскемен-Северное-Серебрянск 58-65 км.

Өңірдегі 5 демалыс базасы көшкін қаупі бар аймақта орналасқан: Риддер қаласында – 2, Таулы Үлбі қаласында – 3», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Осы орайда, ШҚО ТЖД және ШҚ «Қазселденқорғау» филиалы мына іс-шараларды ұсынады:

- маршрутқа шығу кезінде ауа райы болжамын қарастырыңыз. Қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде тауға шығуға болмайды;

- жалғыз және қараңғы уақытта серуендеуге бармаңыз. Жақындарыңызға, құтқарушыларға маршрут пен жоспарларыңыз туралы хабарлауды ұмытпаңыз.

Қар көшкіні кезіндегі әрекет:

- жартастың, ағаштың артына паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- қар көшкініне түскеннен кейін, бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз;

- қарға батырылған кезде тізеңізді асқазанға қарай тартыңыз, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз, үстіңгі және астыңғы жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.