USD
USD
USD

Шығыс Бектұрлыда мұнай атқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мәліметінше, Маңғыстау облысындағы Шығыс Бектұрлы барлау блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында мұнай атқылаған.

Шығыс Бектұрлыда мұнай атқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен бұрқақты мұнай ағыны (мұнайдың үлес салмағы – 0,82-0,85 г/см3) орта юра дәуірі қабатынан алынды.

Бұдан бөлек, мұнай алдыңғы сынақ нысандарынан орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларын іріктеу жолымен алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта мұнай-газ көкжиегінің ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында ұңғымада кәсіпшілік геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жалғасуда.

Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ӨзенҚарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да қолданыстағы мұнай-газ кен орындарына жақын маңда орналасқан. ҚМГ жаңа кен орындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн.

Яғни, геологиялық барлау жұмысының шығыны серіктес ұйымға жүктеледі. Геологиялық барлау жұмысы оң нәтиже берсе, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев