Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда жаңа әуежай салынады

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жаңа әуежай құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Әуежай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жаңа әуежай Зайсан қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылында салынады. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мәлім етті.

– Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланған,  – деді ол.

Сонымен қатар ауданда республикалық маңыздағы бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ең маңыздысы – «Омск-Майқапшағай» тасжолын қайта жаңғырту жобасы.

Бұл жоба «Қазавтожол» АҚ тарапынан қолға алынып, 17,4 млрд теңге бөлінген. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның шығысындағы көлік-логистикалық жүйенің дамуына үлес қосады деп күтіліп отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Риддердегі электр желісі құрылысының созбалаңға салынып келе жатқанына 7 жылдан асқаны хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық қызметтерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

диагностика

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат