USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда ауыл округінің әкімі мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге тең қатысу мүмкіндігінен айырып, бір көзден бір ғана ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасасқан.

Шенеунік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда, соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін ШҚО аудан прокуратурасының қаулысына сәйкес, Самар ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп кеңесінің шешімі негізінде, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін ауыл әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Дружба

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Алматы мешіт

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

.