USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада тағы бір жұмысшы мерт болды

1 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысындағы "Артемьевская" шахтасында мердігер ұйымның кеншісі қаза тапты, - деп хабарлайды aikyn.kz.

шахта
Фото: Pixabay.com

Алматы, NEGE.KAZ Minerals тобының дерегінше, ол бағананың құлауы салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, арнайы тергеу комиссиялары құрылды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 31 тамызда сағат 17:30 шамасында Ертіс кенішінде тіршілік белгілерінсіз төрт адам табылды - екі шахта жұмысшысы және екі мердігер қызметкер. Алдын ала себеп – газдан улану.

31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті төрт жұмысшының өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду